ҚАЗАЛЫДА ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
Кеше «Жас кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты Қазалы ауданы жас кәсіпкерлерінің форумы болып өтті.
Форумда аудан әкімі Нәжмадин Шамұратов, облыстық деңгейдегі басқарма басшылары, қаржы-несие ұйымдары, жергілікті атқарушы органдары мен жас кәсіпкерлер ой-пікірлерімен бөлісті.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттары туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Мұстафаев, аймақтағы жастардың кәсіпкерлікке бет бұрысы бағытында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-сараптамалық талдау бөлімінің аға кеңесшісі А.Шуменова, Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалар жөнінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының кеңесшісі Ұ.Аширова хабарлама жасады.
Форумға қатысушылар аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында іске асырылып жатқан бірнеше инвестициялық жобалармен танысты. Шағын кәсіпкерлікті дамытуда белсенділік көрсетіп жүрген бір топ жас кәсіпкерлер аудан әкімінің, облыстық салалық басқарма басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.