ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Кеше Абай ауылдық округінде Қазалы ауданы бойынша Қазақстан студенттер Альянсы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қазалы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты акциясы өтті.
Акция аясында тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көмек көрсету мақсатында қайырымдылық концерті өткізілді. Қайырымдылық концерттің негізгі мақсаты концерттен түскен қаржы жерлесіміз Ақтан батыр ауылының тұрғыны Айгерім Көпжасарға ота жасатуға қаржылай қолдау көрсету. Концерттік бағдарламаны «Жастар ресурстық орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы О.Ахметов ашып, қайырымдылық концертті тамашалауға келген Абай ауылының тұрғындарына алғысын білдірді. Шара одан әрі ән, би, КТК командаларының әзілдерімен жалғасын тапты.