ҚАЗАЛЫДА АЙДАЙ АНАҒА КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ
Қазалы ауданындағы Ү.Түктібаев ауылында еңбек ардагері, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Айдай Жұбатырқызына көше аты берілді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов соғыс жылдарында ауылдағы бар ауыртпалықты нәзік иығымен көтерген Айдай Жұбатырқызының құрметке лайық ана екендігін айтып, көшенің ашылуымен құттықтады.
Айта кету керек, Қазалыда күріш егуге де өз үлесін қосқан Айдай ана 25 га күріштің әр гектарынан 79 центнерге дейін мол өнім алып, жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Ауылдық, аудандық, облыстық кеңестерге бірнеше мәрте депутат болып сайланып, халықтың жай-күйі үшін аянбай еңбек еткен.