ҚАЗАЛЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Бүгін Қазалыда 721 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептегі салтанатты шараға аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысып, түлектерге ақ жол тіледі. «Соңғы қоңырау салтанаты қуаныш пен қимастық сыйлайды. Бүгінгі күні сіздердің еңбектеріңіз өмір бойы білім алумен өлшенеді. Мектеп пен жоғары оқу орындарында алатын білім арқылы сіздер еліміздің үлгілі азаматы болады деп сенемін. Себебі, қандай мамандықтың иесі болсаңыздар да бастысы, өз елінің азаматы болу екенін ұмытпаңыздар» – деген аудан басшысы білім ордасының 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Бірінші сынып табалдырығын аттаған балалар аға-әпкелеріне ақ жол тіледі. Мектеп бітірушілер бірінші сыныпқа баратын балаларға «білімнің кілтін» табыс етті. Артылған сенімді ақтауға сөз берді. Шара соңында түлектер вальс ырғағына ілесіп, соңғы мектеп биін биледі. Сондай-ақ, осыдан 40 жыл бұрын мектеп бітірген сыныптастар алтын ұя мектептерінде қуанышпен кездесті.
Айта кету керек, ауданда бүгін жаңа өмірге жолдама алған 721 түлектің 492-і ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынамақ. 37 түлек «Алтын белгіге», 9-ы «Үздік аттестатқа» үміткер.