ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында аудандық соттың судьялары, жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен сотта қаралатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талқылау мақсатында семинар сабағы өтті.
Іс-шараны Қазалы аудандық сотының төрағасы Қ.Темірбаев ашып, кездесудің өзара маңыздылығын айтып өтті.
Шара барысында «Соттарда қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында аудандық соттың судьясы Қ.Т.Мыханов, «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» тақырыбында жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі М.Тәжібай, «Сотпен шығарылған жекеше қаулылар» тақырыбында жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Б.Айымқұлов баяндама жасады.
Учаскелік полиция инспекторлары тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және іс-құжаттарын рәесімдеуге қатысты сауалдар қойылып, өз кезегінде аудандық соттың судьялары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-не сәйкес жауап берді.
Аудандық соттың судьясы Г.З.Тиыштықбаева әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жекелеген тарауларына тоқталып, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Семинар соңында талқыланған мәселелер, қорытындыланып, тиісті ұсынымдар жасалды.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі