ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАҒЫТЫНДА КЕҢЕС АЛДЫ
Қазалы ауданы «Ырыс Болашақ» сауда орталығында «Жастар ресурстық орталығы» аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен жастарға арналған әлеуметтік, құқықтық және мемлекеттік бағдарламалар бағытында сала мамандарын қатыстыра отырып, аудан тұрғындарына кеңес беру жұмыстарын жүргізді.
Жастарға кеңес беру шарасына «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Қолжетімді баспана-2020», «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша сала мамандары қатыстырылды. Шара барысында «Жастар ресурстық орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің аға кеңесшісі Қуаныш Көбейсінов аудан тұрғындары мен жастарды кеңес алуға шақырды. Шарада аудан тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар турасында бірқатар ақпараттар алды. Кеңес беру нәтижесінде 18 жас «Жасыл ел» еңбек жасағына, 2 жас «Құрлысшылар жасағына» тіркелді.