ҚАЗАЛЫДА ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазалы аудандық жастар үйінде Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеген адамдарға және пробация қызметі есебіндегі сотталғандарға әлеуметтік және өзге-де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Қазалы аудандық консультативті-кеңесші орган мүшелері Қазалы аудандық Нұр-отан партиясы жанынан құрылған Жас-орда жастар қоғамдық бірлестігі бірлесіп Қазалы аудандық пробация қызметі есебіндегі сотталғандармен қоғамдық қабылдау өткізілді.
Шара барысында жаза өтеу орындарынан босатылған сотталғандардың және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталып, пробациялық бақылау есебіне алынғандарға медициналық көмек көрсету, жұмыспен қамту бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мемелекеттік бағдарламалар таныстырылды.
Е. СРАЖАТОВ,
Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы,
әділет майоры
Е. СРАЖАТОВ,
Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы,
әділет майоры