ҚАЗАЛЫЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «ҚАЗТЕСТ» СЫНАҚТАРЫН ТАПСЫРДЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері Қазалы ауданында болып, мемлекеттік қызметкерлер тест сынақтарын тапсырды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
№266 мектеп-лицейде болған диагностикалық тестілеу сынақтарына Қазалы ауданы бойынша 111 адам қатысты.Тест нәтижесімен тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Айта кету керек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында құрылған «Қазтест» жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері тестілеу сұрақтарын тапсырып, пайыздық көрсеткіштерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізу көзделген.