ҚАЗАЛЫДА 262 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫҢ МҮЛКІ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ
Мүлікті заңдастыру акциясы бойынша Қазалы аудандық әкімдігі жанынан құрылған комиссияға 171 адам өтінішпен келген. Оның ішінде 37 өтініш кері қайтарылып, 1 өтініш бойынша мүлікті жария етуден бас тарту туралы шешім қабылданған, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Комиссия тарапынан 133 құжат бойынша 262 101,7 мың теңгенің мүліктерін жария ету туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, азаматтар мүлкін жария ету үшін өтініш, жеке куәліктің көшірмесін, нысанның құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкестігі туралы аттестатталған сарапшының қорытындысын, сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын әкелуі тиіс.