АЛТЫ БАЛАНЫҢ АНАСЫ КРАНШЫ БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Қазалылық Света Кереева орта мектепті тәмамдаған соң Қазалы темір-бетон бұйымдары зауытына сылақшы болып орналасты.
Сол тұста мекемеге келген жаңа техникалардың тілін білетін мамандардың тапшы болуы себепті бірнеше жас Белоруссияның Могилев қаласына 6 айлық курстан өтуге жіберілген-ді. Солардың қатарында Света Кереева да болды. 1982 жылы ол елге «Краншы» маманы болып оралды, - деп жазады аудан әкімдігінің сайты.
Көптеген қыз-келіншектің қолынан келе бермейтін қиын мамандықты таңдаса да, ұршықша үйіріп жүрген оған әріптестері риза. Кейбір нәзікжандылар үшін күрделі көрінетін кран машинасын жанына серік еткен Света – алты баланың анасы. Жолдасы Ермұрат Бекжанов пен дүниеге төрт қыз, екі ұл әкеліп, тәрбиелеп отыр.