ҚАЗАЛЫДАҒЫ КӘСІПОРЫН 65 ҚЫЗМЕТКЕРГЕ ҚАРЫЗ БОЛҒАН
Қазалы аудандық прокуратурасы «Сумен жабдықтау нысандарын жөндеу және пайдалану» МКК тарапынан 2015 жылдың қараша-желтоқсан айларында 65 қызметкерге 5 815 мың теңге шамасында жалақы төленбегенін анықтады, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Осыған байланысты Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасына прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді. Еңбек кодексінің талаптарын бұзған кәсіпорынның лауазымды тұлғалары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.