ЖАСТАР САЯСАТЫНА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ ЖАҒЫНАН ҚАЗАЛЫ КӨШ БАСЫНДА
Қазалы қаласында аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың төрағалығымен жастар кеңесінің көшпелі отырысы өтті, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Жастар саясатының жүзеге асырылуы жөнінде «Жас Орда» ЖҚБ төрағасы Ә.Қуаныш хабарлама жасады. Оның айтуынша, бұл бағытта бөлінетін қаржы көлемі жағынан аудандар арасында Қазалы көш бастап тұр. 2016 жылға 10 млн. теңге қаралған. Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 288 жастың 245-і тұрақты жұмысқа орналасса, қалғаны әлеуметтік жұмысқа тартылған.
Кәсіппен айналысуға ниет білдіргендерге ай сайын аудандық жастар үйінде мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес беріліп келеді. Биыл «Жасыл ел» жасағына 100 жасты тарту көзделіп отыр.
Кеңес барысында Қазалы қаласында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы қала әкімі Р.Ізтілеу баяндама жасады. Жастар ойларымен бөлісіп, сала басшыларына сауалдарын жолдады.