ДӘРІГЕРЛЕР КҮДІКТІ АЗАМАТТЫҢ ҚҰТЫРМА АУРУЫНА ШАЛДЫҚПАҒАНЫН АНЫҚТАДЫ
Қазалы ауданы Кәукей елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаториясына құтырма ауруына шалдығуы мүмкін деген күдікпен бір азамат келген. Оның сол қолының саусағына ауруға шалдыққан сиырдың сүйегі кірген.
Науқасты Кәукей аудандық емхананың хирургия бөлімінде дәрігер-рабиолог тексеруден өткізеді. Дәрігер хирург, инфекциониске тексеріліп, алдын алу шаралары жасалынған. Аудандық емхананың дәрігерлері облыстың бас инфекционист дәрігерін шақыртып, жарақат алған адамға консилиум жасалынды. Қаралушыдан ешқандай жұқпалы аурулар белгісі анықталған жоқ, қазір үйіне қайтарылды. Қаралушымен қарым-қатынаста болған 12 адаммен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, лекция оқылды.
«Қолына сүйек кірген азамат қауіпті індет жұқтырып алды деген қауесет жоққа шықты. Десе де, қазіргі кезеңде жағдай бақылауға алынған», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.