ҚАЗАЛЫДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ ҚҰРЫЛУДА
Бүгінде Қазалы ауданы бойынша 4 ауыл шаруашылығы кооперативін құру шаралары ұйымдастырылуда. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, kazalinsk.kz хабарлады.
Олар – ветеринариялық қызмет көрсету, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, қабылдау, өңдеу, өткізу бойынша Әйтеке би кентіндегі «Төрт түлік-5», Сарыкөл, Майдакөл және Аранды ауылдық округтеріндегі «Кішкене Ата» кооперативтері. «РЗА» АҚ сүт зауыты базасында аудандағы және көрші аудандардағы фермерлерді, жеке қожалықтарды кооперативке біріктіріп, сол арқылы сауылған сүтті қабылдап, жинап, өңдеу көлемін арттыру да жоспарланған. «Сыр Маржаны» ЖШС-нің бордақылау алаңын аудан көлеміндегі фермерлермен және жеке қожалықтарды малмен қамтамасыз етуге байланысты кооперативтер құру ұсынылып отыр.