АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Қазалы ауданының әкімі Нәжмадин Шамұратов азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысын қайта жандандыруды тапсырды, - деп жазады kazalinsk.kz сайты.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мұндай міндетті Н.Шамұратов өзі төрағалық еткен антидағдарыстық штаб отырысында жүктеді. Мәлім болғандай, бүгінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 33 түріне күнделікті мониторинг жүргізіліп тұрады. Одан бөлек, әлеуметтік дүкенде азық-түлік тауарлары базар бағасынан 10-15%-ға төмен бағамен сатылуда.
Тұрғындарды көкөніс, картоп, бақша дақылдарымен қамтамасыз ету, олардың бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жиі өткізіледі. Штаб отырысында қатысушылар «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, жұмыс орындарының қысқартылуына және жалақының кешіктірілуіне жол бермеу мәселелері қарастырылды.