ҚАЗАЛЫДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 404 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
Биылғы жыл басынан бері Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жұмыссыз ретінде хабарласқан азаматтардың саны - 617 болса, солардың ішінде жұмыспен қамтылғандары – 404 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені - 221. Оның ішінде жұмыс іздеуші 288 жастың 245-і тұрақты жұмысқа орналасса, 70 жас адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 28 жас әлеуметтік жұмыс орнына, 66 жас маман жастар практикасына жіберілді. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бері өткізілген «Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінде» 37 жұмыс беруші қатысып, 127 бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде 28 адам тұрақты жұмысқа, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді.
Сонымен қатар, Қазалы ауданы бойынша барлығы 115 мекемелер мен кәсіпорындарда, кәсіпкерлік субьектілерінде «Ұжымдық шарт» жасалынып, қызметкерлерін жұмыстан босатпау жөнінде 62 шаруашылық субектілерімен меморандумға отырылды.