ҚАЗАЛЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕ 8 627 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
Қазалыда аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлік кеңесінің мәжілісі өтті. Онда аудан бойынша «Қызылорда» инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы жобалардың қаржыландырылуы және «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын шағын кәсіпкерлікке несиелендіру туралы мәселелер қаралды.
Жиынға қатысқан жеке кәсіпкерлер сала басшыларына сауалдарын жолдап, жауап алды.
Жалпы, Қазалы ауданы бойынша 4040 шағын кәсіпкерлік субъектісі есепке алынған. Оның 188-і заңды тұлға болса, 3555-і – жеке кәсіпкер, 297-сі – шаруа қожалығы. Кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 8 627 адам жұмыспен қамтылған.
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы өткен жылы 43 жоба жиналып, 28 жаңа жұмыс орны ашылған.