ШЕКАРАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов шекара заставасының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
«Жұмыс сапары барысында аудан басшысы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 22 жыл және №2019 «Қызылқұм» заставасының құрылғанына 15 жыл толуына орай шекарашыларды арнай мерекесімен құттықтады. Елдің тыныштығын қас қақпай күзетіп, сыртқы жаудан қорғаудағы еңбектері үшін алғысын білдірді», - делінген аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Шара соңында Өзбекстан мемлекетімен шекаралас жатқан Жанқожа батырдың бейітіне арнайы барып, тағзым етті. Баба рухына құран бағыштап, мал шалынды.
Фариза ОМАРОВА