ҚАЗАЛЫЛЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Қазалыда аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың қатысуымен іскер әйелдер форумы өтті, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Қазалылық кәсіпкерлердің 43 пайызын әйелдер құрайды. Форумда олар өзара тәжірибе алмасып, жұмыстарын қорытындылады. Алда тұрған ортақ міндеттер туралы ой бөлісті. Қатысушылар бұл басқосудың нәзік жандылардың білімін арттырып, бір-бірінен көп нәрсе үйренуіне мүмкіндік береді деп есептейді.
Бір топ әйел кәсіпкер аудан әкімінің, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының, кәсіпкерлер палатасының алғыс хатымен марапатталды.