ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЖЕР, ҮЙ, БАЛАБАҚША КЕЗЕГІН ӘКІМДІК САЙТЫНАН БІЛЕ АЛАДЫ
Қазалы ауданының әкімдігі өзінің www.kazaly.gov.kz ресми веб-ресурсын жаңартты, - деп хабарлады kazalinsk.kz сайты.
Қазалылықтар бірінші рет бұл жерден жеке тұрғын үй салу мақсатында берілетін жер телімі, тұрғын үй, балабақша кезегін біле алады. Сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы мәлімет алуына болады.
Тұрғындар сайттың арнайы блогында ауданның дамуына қатысты ұсыныс-ескертпелерін жазып қалдырам десе, мархабат. Әкімдіктің ресми веб-ресурсы ауданның экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштерін, соңғы жаңалықтарды да қамтиды.
Мұнда тағы Қазалыдағы бүкіл әкімдік пен олардың басшылары жөнінде байланыс мәліметтері орналастырылған. Нашар көретіндерге арналған нұсқасы да жұмыс істейді.