ҚАЗАЛЫДА «РАХМЕТ АЙТ ТА, БӘРІН АЛ» ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ
Қазалы ауданында «Мейірімді жүрекпен» акциясы аясында «Рахмет айт та, бәрін ал!» дүкені ашылды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан басшысы Нажмадин Шамұратов тұрғындарды Алғыс күнімен құттықтап, оларды акцияға белсене қатысып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырды.
Акция аясында мекеме басшылары мен кәсіпкерлерден киім-кешек жиналып, таратылды. Адамдар бұйымдарды тек рахмет айтып, тегін алып жатты. Осы акция аясында жыл бойында тағы да басқа шаралар ұйымдастырылмақ.