БАТЫР БАБАҒА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
Жанқожа батырдың 240 жылдығына орай атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Қазалы аудандық мәслихат хатшысы Талайлы Бөріқұлақов бастаған бір топ аудандық мәслихат депутаттары Өзбекстан мемлекетімен шекаралас жатқан бабамыздың бейітіне арнайы барып, зират етті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында депутаттар шалғайдағы Ажар ауылының жағдайымен де танысты. Жақын күндері ауыл мектебіне оқушы тасымалы үшін автокөлік берілмек. Мұнай қазушылардың жұмыстары да қайта жалғасатын болады.
Сондай-ақ, жиында сөз алған «Қазалы-Игілік» қорының президенті Өмірзақ Түктібай батыр бабанының 240 жылдығына орай қордан қаржы бөлініп, аудандағы 240 бала оқу-құралдары берілгендігін айтты. 5 балаға оқу-құралдарын сатып алу үшін мектеп директорына ақшалай табыстады.
Фариза ОМАРОВА