АУЫЛҒА КЕЛГЕН ЖАС МАМАНДАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ
Қазалы ауданында ауылға келген жас мамандарға үй сатып алу үшін 314 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazalinsk.kz сайты хабарлады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы әр маманға 138740 теңгеден 77 маманға барлығы 10,7 млн. теңге көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмек, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 57 маманға 166 млн. теңге әлеуметтік қолдау ұсынылды.
Осы мақсатта биыл көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 37,3 млн. теңге, тұрғын үймен қамту үшін әлеуметтік қолдауға 314,9 млн. теңге қаралып отыр.