ҚАЗАЛЫДА «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТІРЕГІМ, ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ЕЛІМ» АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ
Қазалы аудандық орталық кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – Ұлы елім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, - деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының сайты.
Кітапханашы Күнжамал Махамашова кітаптарға шолу жасаса, кітапхана директоры Индира Назарова көрмеге келушілерді жаңадан қосылған кітаптармен таныстырды. Кітап көрмесіне қатысқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы кітап көрмесінің мән-маңызына тоқталды. «Оқырмандарға рухани байлық сыйлайтын кітапхананың қоры жаңа кітаптар мен жаңашыл оқырмандарға толы болсын», - деген тілегін білдірді.