ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
2015 жыл Қазалы ауданы үшін жағымды жаңалықтармен есте қалды. Аудан тұрғындары алдындағы есепті кездесулерін қорытындылаған аудан әкімі Нажмадин Шамұратов осылай деді.
Қорытынды жиынға облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысты. Аудан басшысы өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне жан-жақты тоқталып, 2016 жылға межеленген жұмыстар туралы баяндады.
Тұрғындар үшін коммуналдық қызмет көрсету сапасы ілгеріледі. Себебі Қазалы ауданы – орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған бірден-бір аудан. Өткен жылы Әйтеке би кентін жылумен қамту жүйесін кеңейту жобасы аяқталды. Жоба бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне барлығы 18 нысан қосылуы тиіс.
Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындар тарапынан жәшікке келіп түскен сұрақтарға нақты жауап берді.