ҚАЗАЛЫДА ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қазалы өңіріне келіп, жырсүйер жұртшылықты тәнті еткен шайыр Қарасақал Ерімбеттің 170 жылдығы құрметіне Әйтеке би кенттік клубының ұйымдастыруымен «Жыр дүлдүлі - Ерімбет» атты аудандық жыршы-термешілер байқауы өткізілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыр додасына қатысқан талапкерлер Қарасақал Ерімбеттің жыр-дастандарынан үзінді және терме-толғауларының мақам-сазын бұзбай өз нақышында орындады. Шара қорытындысымен жүлделі І орынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті, Бекарыстан би аулынан қатысқан Қуаныш Алғазиев жеңіп алса, ІІ орынды Аудандық мәдениет Орталығының қызметкері, Әйтеке би кентінен қатысқан Жәнібек Құтмаханов иеленді, ІІІ орынды Қазалы қаласынан қатысқан Едіге Айдаров және Жалаңтөс батыр аулынан қатысқан Мейірімжан Махамбетжанов қанжығалады. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, бір топ жыршы-термешілер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.