МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
«Ұшқын» мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем беру қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған Қазалы ауданындағы ресурстық орталығында жартылай жетімдер, тұлдыр жетім балалар және мүмкіндігі шектеулі жандар 2 айлық компьютерлік курсын толықтай оқып аяқтады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор жетекшісі М.Нұрқожа, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі З.Садуақасова және «Ұшқын» мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем беру қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған Қазалы ауданындағы ресурстық орталығының үйлестірушісі С.Абашовалар 2 айлық компьютерлік курсты толықтай аяқтаған 13 адамға «ЭВМ операторы» мамандығы бойынша сертификатын табыстады.