ҚАЗАЛЫНЫҢ 70 КМ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ
Қазалы ауданының 70 шақырымға жуық көшелері 2015 жылы жөндеуден өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazalinsk.kz хабарлайды.
«33,3 км аудандық маңыздағы, 37,7 км елді мекен ішілік көшелер, барлығы 70 км жөндеуден өткізілді. 2 көпір құрылысы аяқталып, 2 көпір құрылысының жоба-сметалық құжаттары дайындалды», - деді хабарламада.
Одан басқасы, өткен жылы екі көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тіректі елді мекендер қатарындағы Өркендеу ауылының кіре берісіне бас қақпа орнатылып, Орталық алаңы абаттандырылды. Әйтеке би кентінен тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигон құрылысы салынды.