ҚАЗАЛЫЛЫҚ 30 ЖАСҚА ҒАНИ МҰРАТБАЕВ СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛАДЫ
Орталық Азия жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаевтың 114 жылдығына орай биыл туған жері – Қазалыда республикалық байқау өткізіледі. Бұл туралы аудан жастарының форумында аудан әкімі Нәжмадин Шамұратов мәлімдеді, - деп жазады kazalinsk.kz сайты.
«Байқауды ұйымдастыруға бюджеттен 5 млн. теңге бөлінді. Жыл басында белсенді жастар арасында іріктеу жүргізіледі. Маусым айында, Ғани Мұратбаевтың туған күні қарсаңында нәтижесімен 30 жүлдегерге Ғани атындағы арнайы сыйлық тағайындалады», - деді Нәжмадин Шамұратов.
Жалпы, қазалылықтардың 27,2 пайызы (20716 адам) – жастар. 2014 жылы олардың арасындағы жұмыссыздық – 6,4, ал өткен жылы 5,6 пайызды құрады. «Дипломмен - ауылға» бағдарламасымен былтыр 76 жас маман көтерме жәрдемақы, материалдық көмек алды. Жастар саясатына 10 млн. теңге бөлінген.