МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ ЖАСАДЫ
Қазалы ауданындағы Роза Бағланова атындағы мәдениет үйінде «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне арнап жаңажылдық ертеңгілік ұйымдастырылды. 2015 жылы 20-жылдық мерейтойын атап өткен бұл балалар мекемесі - «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ толық қамқорлығында.
«Шапағаттың» медициналық-психологиялық және педагогикалық көмегін 40-тан астам мүмкіндігі шектеулі бала көріп келеді. Олардың барлығы да осынау мейрам күні кейбіреуі өз бетінше, кейбіреуі ата-анасының көмегімен ғажайыптар әлеміне еніп, жаңажылдық ертегілер еліне сапар шекті. Оларды қарсы алған ертегілер кейіпкерлері – қу түлкі, аппақ қар, ковбойлар, сүйкімді ханшайымдар және бала біткен асыға күтетін Аяз Ата мен Ақшақар балаларды шат-шадыман қуанышқа кенелті. Олармен қол ұстаса шыршаны айнала асыр салып, түрлі ойын ойнаған, конкурстарға қатысып, мерекенің маңызын арттыратын тәтті сыйлықтарға кенелген балалар мәз-мәйрам болды.
- «Шапағаттық» балғындар әрқашанда «ПетроҚазақстандық» мұнайшы ағаларын асыға күтеді және Жаңа жылды қарсы алуға ерекше көңіл-күймен дайындалады, - дейді «Шапағат» МБОО басшысы Шынар Жеңсікбаева. – Мен мұнайшылар қауымына әрдайым да Қазалылық балаларға көрсетіп келе жатқан қамқорлықтары үшін алғыс айтқым келеді. Мекемеміздің жанашырлары балаларға үнемі қуаныш, ізгілік сйлаудан жаңылған емес. «ПҚҚР»-да өзгенің басындағы жағдайға немқұрайды қарамай, барынша көмек қолын созып, қолдау көрсететін абзал жандар бары көңілге шуақ құяды. Балалар үшін ең бастысы – жылы көңіл мен қамқорлық, жан-жақты дамуы мен оңалуына қажетті жағдаймен қамтылуы.
Бұл күні «ПетрҚазақстанның» жаңажылдық сыйлығын – көзтартымды қуыршақтар, машиналар, жұмсақ ойыншықтар және тамсандырар тәттілерді «Шапағаттық» балалар жүздері бал-бұл жанып, қуана алды.
Бүлдіршіндер, ата-аналар және тәрбиешілер науқас балалардың жанын түсініп, қайырымдылық жасаудан танбайтын өздерінің демеушілеріне шексіз ризашылықтарын жетізді.
Әсет ЖАЙЛАУБАЙ