ҚАЗАЛЫДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНЕН СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында өткен ұлттық ойындардың аудандық ІІІ спартакиадасы екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтық кезеңінде қатысушылар қазақша күрес, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс сынды ойын түрлері бойынша бақ сынасты.
Спартакиадаға ауданның 31 мектеп командасынан 930 оқушы қатысты.
Жарыс қорытындысымен жалпы командалық есепте 67 ұпай жинаған №249 мектеп-лицей командасы бас жүлдені жеңіп алды. Ал 50 ұпай жинаған №24 мектеп командасы І орын, 39 ұпай жинаған №91 мектеп командасы ІІ орынды иеленсе, ІІІ орынды №92 мен №266 мектеп командалары өзара бөлісті.
Жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің дипломы және арнайы кубоктармен марапатталды.