ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Қазалыда «Ел болашағы – жалынды жастар» атты аудан жастарының форумы өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жиынға қатысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов тәуелсіз елімізде тәрбиеленген алғашқы буын өкілдеріне дамыған 30 елдің қатарына кіріп, мәңгілік елге бастайтын ұрпақ екендерін айтып, осы жолда аянбай еңбек ететіндеріне сенім білдірді. Жастар мәселесіне баса мән берілетініне, нақты жастар жобаларын жүзеге асыру, жоғары білімді түлектерді жұмыспен және үймен қамту мәселелері шешіліп жатқанына тоқталды.
Форумға түрлі сала бойынша қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген жастар қатысып, өз саласында жетістікке жеткен үздіктері арнайы дипломдармен марапатталды.Сонымен қатар, жыл көлемінде аудан жастарына қолдау білдіріп, демеушілік жасаған бірқатар ел ағалары "Жастар жанашыры" номинациясын иеленді.