АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАЛЫДА БІРҚАТАР ЖАҢА НЫСАН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
Өткен жексенбіде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды.
Абай елді мекеніндегі 150 орындық ауылдық клубтың ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы сондай-ақ республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады. Жаңа ғимаратта түрлі рухани кештер мен шаралар ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар клуб жанынан жастарды өнер мен әдебиетке баулитын түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. 2 қабатты ғимаратта 128 орындық көрермен залымен қатар 23 мың кітап қоры бар кітапхана орналасқан. Айта кетейік, биылдың өзінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 4 ауылдың клубына (Бекарыстан би, Қ.Пірімов, Өркендеу, Қожабақы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Осы күні Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Ақтан батыр ауылында «Сыр маржаны» ЖШС-нің 500 басқа арналған мал бордақылау кешені пайдалануға берілді. Жобаны жүзеге асыру мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 248,8 млн. теңге несие алынды. Қазіргі таңда кешеннің 21 гектар жері қоршалып, қи сақтау алаңы, мал тұратын алаң, ішкі су құрылыстары мен су қоймасы, сенаж алаңдары салынып, құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Кешенді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 66,8 млн. теңге бөлінді, мердігер – «SCS Инжиниринг» ЖШС. Кешенде 16 адам жұмыспен қамтылды. Жұмысшыларға арналған екі баспана, лаборатория және басқа да нысандар бар. Серіктестік басшысы Мінәжаддин Өтеевтің айтуынша, мұнда өндірілген өнімнің бір бөлігі экспортқа шығарылады. Шаруашылық 160 млн. теңгеге сиырлар сатып алған. Ендігі мақсат – бордақылау алаңының аумағын кеңейту, тартылған ет (фарш), филе, шұжық, басқа да ет өнімдерін шығару.
Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде де жаңа ел игілігіне берілді. Ақсақалдарға арналған «Ардагерлер үйінің» ашылу рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев және облыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов қатысты. «Ардагерлер үйі» Қызылорда облысы бойынша аудандар арасында тұңғыш рет Қазалыда ашылып отыр. Жалпы, аудан бойынша 6 607 ардагер болса, мұнда олардың бас қосып, демалып қайтуына бар жағдай жасалған. Ғимараттағы 17 бөлмеде асхана, демалыс, жаттығу залы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, бұл үйден ардагерлер тегін медициналық кеңестер алып, ем қабылдай алады. Құрылыс жұмыстары демеушілік есебінен жүргізілген.
Өңір басшысы сапары барысында «Жеңіс» паркінде, әлеуметтік дүкенде, аудандық ауруханада болып, жеке кәсіпкер Нұрлан Қожабергеновтің бизнес орталығының, қызметімен танысты.