АУЫЛ ХАЛҚЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ АЯСЫ КЕҢЕЙДІ
Қазалылықтар жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасы аясында 24,5 млн. теңгеге 142 бас аналық сиыр, 8 бас асыл тұқымды бұқа алып, кәсіптерін дөңгелетуде.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күнтілес Назымбеков хабарлағандай,
биылдан бастап жылқы шаруашылығын дамыту үшін «Құлан», қой шаруашылығын өрістету үшін «Алтын асық», ал сүтті-тауарлы мал шаруашылығын дамыту үшін «Ырыс» бағдарламалары ұсынылып отыр. Бұл бағдарламалар жайылымдарды сумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жақсартуды көздейді.
«Несиелердің пайыздық үстемақысы мемлекет тарапынан субсидияланады. Бағдарламалар шаруашылықтарға насихатталуда», - дейді сала басшысы.