ЖӘРМЕҢКЕДЕ 8 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ҰСЫНДЫ
Қазалы ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 8 мекеме бойынша 33 бос жұмыс орны ұсынылды. Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қатысушыларға түрлі үнпарақтар таратылды.
Жалпы, Қазалыда жұмыспен қамту шаралары төрт бағыт бойынша жүргізілуде. Олар – өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқыту және ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Бұл бағыттарда әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылуда.