ҚАЗАЛЫЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ӨЗДЕРІ ТҰРАТЫН АУМАҚТЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН ҚАДАҒАЛАЙДЫ
Қазалы ауданының әкімі Нәжмадин Шамұратов мемлекеттік қызметкерлерге өздері тұратын аумақтың санитарлық тазалығын қадағалауды міндеттеді, - деп жазады kazalinsk.kz сайты.
Әкімнің баспасөз қызметі жауапкершіліктің жергілікті мәслихат депутаттарына, Әйтеке би кентінің басшылығына, ірі кәсіпорындардың директорларына да жүктелгенін мәлімдеді. Бүгінгі күні тізім бекітілді. Жоспарға сәйкес жауаптылар алты бағыт бойынша жұмыс істейді.
Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Жанұзақ осыдан кейін бірден іске кірісіп кетті. Оған 180-дей адам тұратын, 45 үй орналасқан Қыз Жібек көшесі қарайды. Тұрғындар техникалық және ауызсумен, газбен, электр энергиясымен қамтылған. Көше жарықтандырылған.
Тұрғындармен кездескен ол көше тазалығын сақтаудың өңір үшін маңызды екенін атап өтті. Қазіргі уақытта көшеде жеті қоқыс контейнері бар. Халықтың келісімімен екі үйге арнап тағы біреуін сатып алу жоспарланды.
Назерке САНИЯЗОВА