ҚАЗАЛЫЛЫҚ ҚОС ӨРЕН ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ ТОП ЖАРДЫ
Қазалы ауданының №266 мектеп-лицейіндегі шығармашылыққа бет бұрған өнерлі ағайынды Дәулет және Марғұлан Естерек оқушылардың республикалық фестивалінде І орын иеленді.
«Сейхун-инфо» сайты хабарлағандай, олар Семей қаласында Қазақ хандығының 550, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Шоқан Уәлихановтың 180, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығының құрметіне өткен «Мәңгі ел, Қазақстаным» байқауына вокал номинациясы бойынша қатысты. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ұйымдастырған байқауда жерлестеріміз жергілікті ақын Ж.Табынбаев пен сазгер Ж.Жансаповтың «Ерліктің қос қанаты» атты әнін орындады. Жас әншілердің бойындағы өнерді байқап, баптай білген – мектеп-лицейдің музыка үйірмесінің жетекшісі Мақтагүл Рысмамбет.