ҚАЗАЛЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕРГЕ АУДАН ӘКІМДІГІ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қазалылық ардагерлер аудан әкімдігінің қолдауымен он күн бойы Қазалы қаласындағы «Шағала» тынығу орнында демалды. Түрлі салада қызмет етіп, зейнетке шыққан алпыс шақты ардагерге мекемелер мен кәсіпкерлер жағдай жасап, құрмет көрсетті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұнда ардагерлердің демалуына барынша жағдай жасалған. Он күн ішінде әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылып, өнерпаздар қазыналы қарияларға керемет көңіл-күй сыйлады. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің тыныш өмір сүруіне үлес қосқан оларға қандай игілікті іс жасаса да жарасады.
Әйтеке би кенті әкімдігі аппаратының өкілдері ақ жаулықты әжелер мен ардақты аталарға соңғы демалыс күні ақ дастархан жайды. «Келер жылы дәл осы демалыс орнында түгел қауышқанша» деп тарасты қариялар.