ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ БЕС АПАТТЫ НЫСАННЫҢ ОРНЫНА ЖАҢАСЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Қызылорда облысының Қазалы ауданында биыл бірден бес апатты әлеуметтік-мәдени нысан жойылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Апатты жағдайда тұрған екі мектеп, екі ауылдық клуб пен балабақшаның орнына салынған ғимараттардың құрылысы аяқталды. Негізінен бұл нысандар кішкентай ауылдарда орналасқан», - дейді қызыллрда облысы Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов.
Айта кетсек, Қазалы ауданы балабақшалардың жағдайына аса үлкен мән береді.
«Бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамту қазір бізде – 92% деңгейінде. Келешекте бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарымызда бар. Жалаңтөс Бахадүр ауылында 90 балаға шақталған балабақшаның құрылысы басталды, өзге де мүмкіндіктер қарастырылуда», - деп нақтылады Шамұратов.
Аудандағы денсаулық сақтау нысандарының жағдайы да сын көтермейді. Аудандық әкімдіктің ақпаратынша, әбден тозығы жеткен жергілікті аурухананың санитарлық жағдайы тіптен мәз емес.
«Қазіргі таңда 150 орындық жаңа аудандық аурухана салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Сонымен қатар Өркендеу ауылының халқы дәрігерлік амбулаторияға мұқтаж. Қаржыландыру жағы қиындық туғызып тұр. Қазір күрделі кезең болғандықтан, бюджеттен қашан ақша бөлінетінін нақты айта алмаймыз, алайда қаржы түсісімен, нысандар бой көтереді», - деп сендірді Шамұратов.
Қызылорда облысының басшылығы апатты әлеуметтік нысандарды жойып, орнына жаңа ғимарат тұрғызу мәселесін үнемі бақылауында ұстайды.
«Облыс әкімінің іс-қимыл жоспарындағы басымдықтардың бірі – апатты мектептер проблемасын шешу. Биыл өңірде 16 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр, соның ішінде 9-ы апатты мектептердің орнына салынған», - дейді облыстық мәслихаттың соңғы сессияларының бірінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.