АУДАН ӘКІМІ ПЕРЗЕНТХАНАДА БОЛДЫ
Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов жөндеу жұмыстары жүргізілген аудандық перзентханада болып, ғимараттың жай-күйін бақылады, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Нысан ішін аралап, алынған жаңа жабдықтар және олардың қызметімен танысты. Жөндеу жұмыстарына бөлінген 8 млн. 300 мың теңге қаржыға жоғарғы қабаттағы 3 босану бөлмесі, ота жасау блогы, отадан кейінгі бөлме 1-ші қабатқа көшіріліп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай қабырғалары қайта сыланды. Ал перзентхана бөлімі толық жаңғыртылды.
Айта кету керек, аудандық ауруханаға қарасты перзентхана бөлімі 6 қыркүйек – 9 қараша аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты терапия мен хирургия бөлімінің бір бөлігіне уақытша орналастырылған болатын. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Перзентхана бөлімі орнына қайта көшіріліп, жұмыс жасауда. Мұнда ана мен бала денсаулығына барлық жағдай жасалған.