«НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қазалы ауданының әкімі Бақыт Жақанов «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 25 жыл толуына орай аталмыш қозғалыс мүшелерін марапаттады.
Бұдан 25 жыл бұрын Семейдегі сынақ полигонын жабу үшін басталған ұлы күрестің алғашқы қадамы жасалды. Белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен антиядролық қозғалыс құрылып, ядролық қаруды сынауды дереу тоқтатуды талап еткен және жұртшылықты «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құруға шақырған ашық мәлімдеме жасалды. Әлем ғалымдары «Семей полигонының жарылыс қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 есе артық» деген пікірде.
Аудан басшысы қозғалыс мүшелерін айтулы күнмен құттықтап, бірлестіктің аудандағы мүшелерін марапаттады.