ҚАЗАЛЫДА ЖЕТЕС БИ КӨШЕСІНЕ БЕЛГІ ОРНАТЫЛДЫ
Егемендікке қол жеткізген соң 1992 жылы Халық депутаттарының қаулысымен Әйтеке би кентіндегі Степная көшесіне Жетес би есімі берілген еді. Енді би ұрпақтары көшеге белгі орнатты. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Дана билер дала академиясының дара үлгісі болса, солардың ішінде Жетес би бабамыздың орны ерек. Оның қара қылды қақ жаратын әділдігі, бар қазаққа ұйытқы болған шешендігі, тұтастай алып қарағанда, қазақ билерінің ғажайып бейнесін көрсетеді», - деген аудан әкімі Нәжмадин Шамұратов жиналғандарды Жетес бидің еңселі белгісінің ашылуымен құттықтады.