ЖАСТАР МИРАСҚА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қазалы аудандық бөлімі мен Қазақстан студенттерінің Альянсы" сонымен бірге Қазалы ауданы Жастар парламентінің ұйымдастырумен "Жаныңда жүр жақсы адам" атты қайырымдылық кеш болып өтті, деп хабарлады «Жастар ресурстық орталығы» Қазалы аудандық бөлімі.
Аталмыш кештің мақсаты аудандағы жас сәби Мирастың сырқатынан айығуына қолдау көрсетіп, ем алуына тиісті қаржы жинау мақсатында ұйымдастырылған. Қайырымдылық кеште ауданымыздың өнерлі жастары əн айтып , би билеп, өз өнерлерін ортаға салса, кеш барысында республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген "Арал-ас" жайдарман тобы өз өнерлерін көрсетіп көрерменнің ықыласына бөленді.
Кеш соңында ұйымдастырушы жастармен бірге Мирас ініміздің анасы Ұлжан сөз сөйлеп, осындай қолдау көрсеткені үшін аудан жастарына алғысын білдірді. Аталмыш кештен жиналған қаржы Мирастың ата-анасына тапсырылатын болады.