ҚАЗАЛЫДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ КӘСІПКЕР МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАДЫ
Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев ауылында тұратын Нұржаубай Құдабаев – екінші топтағы мүгедек. Соған қарамастан ісін дөңгелетіп отыр. Мүмкіндігі шектеулі жан жуырда мемлекет тарапынан ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1 миллион теңге несие алды. Сөйтіп ірі қараның санын көбейтіп, мал шаруашылығымен айналысуға бет бұрып отыр.
«Мал-баққанға бітеді» деген. Жыл өткен сайын ата кәсіпті жалғастырып, төрт түліктен ризық-несібе айырған ағайындар арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың үлесі артып келеді.
«Мал-баққанға бітеді» деген. Жыл өткен сайын ата кәсіпті жалғастырып, төрт түліктен ризық-несібе айырған ағайындар арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың үлесі артып келеді.