КӘСІПКЕРЛЕРМЕН АШЫҚ ПІКІРЛЕСТІ
Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі. Алдымен облыс бойынша кәсіпкерлік саласының даму көрсеткішіне жан-жақты тоқталған Ғалым Әміреев кәсіпкерлермен еркін форматта пікірлесті.
Арал және Қазалы ауданының кәсіпкерлері де өз жобалары бойынша ойларымен бөлісіп, проблемалық мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар, Қазалы ауданының әкімі Н.Шамұратов пен Арал ауданының әкімі А.Мұхимов аудандардағы кәсіпкерліктің даму жағдайын сараптап, баяндама жасады.
Айта кетейік, көшпелі жиынға түрлі деңгейдегі банк өкілдері де қатысып, өндірістік кәсіпорындарды несиелендіру мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.