ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №4 Өрт сөндіру бөлімінің акт залында салтанатты жиын болып өтті. Бұл туралы Қазалы ауданы ТЖБ-на хабарлады.
Жиынға Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник О.Бержанов және Қызылорда облысының «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары О.Жұмабеков қатысты.
О.Бержанов жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға белсене қатысқан, ерекше көзге түскен 12 қызметкерді ведомстволық марапатпен марапаттады. Марапаттаудан кейін департамент бастығы Қазалы ауданының ТЖБ және №4 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен, ғимаратымен, техникалырымен танысты. Сондай-ақ, Қазалы ауданының әкімі Н.Шамұратовтың қабылдауында болып, жалпы ауданның жағдайы туралы әңгіме жүргізді.