ҚАЗАЛЫДА «ТІЛ- ПАРАСАТ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Мемлекеттік тілді меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін өсіру мақсатында орыс ұлтының жастары арасында «Тіл - парасат» атты байқау өткізілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік тілдің қолдану беделін арттыруға бағытталған сайысқа он талапкер қатысты. Байқау шартына сәйкес олар берілген тақырыпқа ауызша тұсаукесер жасап, эссе жазудан және үй тапсырмасы бойынша өз білімдерін көрсетуден сынға түсті.
Сайыс қорытындысымен І орынды №16 мектептің 11-сынып оқушысы Светлана Коваленко жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алса, жүлделі ІІ, ІІІ орындарды №266 мектеп-лицейдің оқушылары Валерий Ходжаев пен Олег Ачкасов иеленді.