ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЗАЛЫДА БОЛДЫ
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов жұмыс сапарымен Қазалы ауданына келіп, бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандардағы жылу беру жүйелерін тексерген С.Сүлейменов ондағы жылу жайының қалыпты екендігіне көз жеткізді. Одан соң аудан бойынша жөндеу жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарының жайын бақылап, бұл жұмыстарды қараша айының соңына дейін толық аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, қазіргі таңда Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында барлығы 41 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен қорытынды жиында С.Сүлейменов «ҚазалыТеміржолЖылу» кәсіпорнын облыс балансына беру туралы мәселені талқылады. Ол үшін алдымен мекеменің қаржы-шаруашылық жағдайына талдау жүргізу керектігін айтқан облыс әкімінің орынбасары бұл істің қажеттілігіне де тоқталып өтті. Өз жұмысын 2007 жылдан бастаған кәсіпорын негізінен Әйтеке би кентіндегі тораптық теміржол, тарапты, бюджеттік және жеке тұрғындарды жылумен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жиын барысында тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары да қозғалып, жауапты тұлғаларға талқыланған мәселелерді назарға алып жұмыс жасауды тапсырды.