40 ЖЫЛДАН БЕРІ ҚҰРЫЛЫС ЖҮРГІЗІЛМЕГЕН АУЫЛДА ЕМХАНА БОЙ КӨТЕРДІ
Қазалы ауданында соңғы он күнде 4 медициналық нысан ашылды. Соның бірі – Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда. Емхана құрылысының бас мердігері – «РЗА» АҚ.
«Бұл ауылда 40 жылдан бері құрылыс жүргізілмеген еді. Алдағы күндері пайдалануға берілетін ауыл клубы мен мешіт те осы олқылықтың орнын толтыратын болады», - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы жобалық-сметалық құны 83,1 млн. теңгені құрайтын емхананы салу үшін республикалық бюджеттен – 74,8 млн., ал облыстық бюджеттен 6 млн. теңге бөлінді. Ақ халаттылар әрбір жұмыс күнінде 15 адамнан қабылдайды.