ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»ӨТКІЗІЛДІ
Кеше Қазалы ауданының №4 Өрт сөндіру бөлімінде Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау қызметіне 20 жыл толуына орай іс-шара өтті, деп хабарлады Қазалы аудандық ТЖБ.
Іс-шараға Өрт сөндіру қызметінің, Төтенше жағдайлар бөлімі, және Қазалы аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлері қатысты.
Кәсіби мереке қарсаңында азаматтық қорғау қызметінің бедел-бейнесін арттыру, құтқарушылардың жұмысы туралы халықты ақпараттандыру мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырды.
Сонымен бірге Қазалы аудандық №4 Өрт сөндіру бөлімінде орта мектеп оқушыларына арнап «Ашық есік күні» өткізілді. Қазалы ауданының ТЖБ бастығы М.Күмісов: «Бұл шараны біз оқушылардың құтқарушылар жұмысымен жақын танысуы мақсатында жүргізіп отырмыз. Ашық есік күні балалар арнайы техникамен және құтқарушылардың жұмысымен танысады. Сабақ үстінде біздің мамандар ТЖ болған жағдайда жасалатын іс-шараларды үйретеді және балаларға тәжірибе түрінде өрт сөндіргішті қалай қолданатынын көрсетеді.
Қызметкерлер белсенді түрде балаларға құтқарушылардың күнделікті тіршілігі туралы айтып, балаларға ең қызықтысы өрт сөндіру техникасы мен құралдарын және басқа да қызметтердің төтенше жағдай кезінде жасайтын іс-әрекеттерін көрсетті. Тек қана балалар емес БАҚ өкілдерін де өрт сөндірушілердің қызметі қызықтырды, олар өрт сөндірушілердің каскаларын, киімін қызыға киіп көрді.